Бурабай мен Зеренді жабылады

1583

 Блокпостар қойылып, көлік кіруге тыйым салынады.

Бурабай мен Зеренді жабылады

Ақмола облысындағы жағажайлар мен көл маңындағы демалыс орындары тегіс жабылады. Қызмет көрсету 24 шілдеден бастап тоқтатылмақ, деп хабарлайды Atameken Business. 

Туристік аймақтың айналасына түгел блокпостар қойылып, көлік кіруіне тыйым салынады.

24 шілдеге дейін қонақ үйге келіп, жайғасып үлгерген адамдар демалыс базасының ішінде қала береді. Курорттағы адамдар маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға тиіс.

Күшейтілген карантин режимі 3 тамызға дейін жалғасады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін санаторийлер мен курорт нысандары санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, жұмысын жалғастыра береді. Бірақ жағажайды, сауна мен бассейнді жалға беру қызметі тоқтатылады. Бұған қоса, жағалауда орналасқан қайық стансалары, сауда және ойын-сауық нүктелері жабылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу