Бурабай ТМД-дағы ең танымал емдеу-сауықтыру орындарының үштігіне енді

1029

Туризм саласындағы жаңалықтар порталы ТурСтат ТМД көлемінде емдеу-сауықтырумен айналысатын орындардың рейтингін ұсынды.  

Бурабай ТМД-дағы ең танымал емдеу-сауықтыру орындарының үштігіне енді

Рейтингіге сәйкес, Беларусь, Қазақстан және Әзербайжандағы демалыс орындары ТМД бойынша емдеу мен сауықтыруға арналған танымал шипажайлардың көшін бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Емдеу-сауықтыру орындарының ішінде үздік бестікке Беларусьтағы Нарочь өзеніндегі курорт, Қазақстандағы Бурабай курорты, Әзербайжандағы Нафталан курорты, сондай-ақ Армениядағы Джермук пен Қарғызстандағы Ыстықкөл курорттары енді.

Аталған демалыс орындарында тұру, тамақтану және емделу үшін тәулігіне 3 мың рубль (17 мың 52 теңге) жұмсалады екен. Рейтинг ТМД көлеміндегі емдеу-сауықтыру орындарының танымалдылығына жүрізілген талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша жасалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу