"Бурабай" ұлттық паркі шырша кесетіндермен шындап күреседі

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру соңы айыппұл арқалаумен ғана шектелмейді. 

 "Бурабай" ұлттық паркі шырша кесетіндермен шындап күреседі Фото: trikitaomsk.ru

Саябақ әкімшілігі 1 желтоқсаннан бастап заңсыздықтың алдын алу үшін күшейтілген режимде жұмысқа көшкенін хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бурабай" МҰТП орман инспекторлары кезекшілікті жаңа жылға дейін жүргізбек. Себебі, осы уақытта жыл сайын заң бұзушылық көбейеді.

– ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 381-1-бабына сәйкес, заңсыз кесілген ағаштарды, көлік құралдарын және аталған бұзушылықтарды жасау құралы болып табылған бұзушының өзге де заттарын тәркілей отырып, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру – жеке тұлғаларға – 30 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің немесе коммерциялық емес ұйымдардың лауазымды адамдарына – 70 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 90 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатының ескертеміз, – деп хабарлаған саябақ әкімшілігі.

Мұнан өзге, заң бұзушы қылқан жапырақты ағаштардың әрбір ағашын бүлдіргені немесе жойғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде ("ҚР орман заңнамасын бұзумен келтірілген зиян мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларды бекіту туралы" ҚР ЭӘДМ-нің 22.09.2023 жылғы №265 бұйрығы негізінде) залалды өтеуге мәжбүр.

Сонымен қатар, орман қорына келтірілген залалдың мөлшері 50 АЕК-тен асатын болса, қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін. Ведомство өз кезегінде ел тұрғындарын орман ресурстарын қорғауға, жанашырлық танытуға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу