"Бурабай" ұлттық паркінде орман өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

390

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Көкшетау тауының екі қарама-қарсы беткейінде орман төсеніші мен өсімдік жамылғысы жанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бурабай" ұлттық паркінде орман өртін сөндіруге тікұшақ тартылды Фото: ТЖМ

Өрт ошақтарын сөндіруге Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және "Қазавиаорманқорғау" РМКК-ның 150-ден астам қызметкері мен 17 техникасы жұмылдырылды.

Сондай-ақ, ҚР ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы тартылып, 15 рет су төгу арқылы жалпы көлемі 75 тонна су шашылды.

Қазіргі уақытта өрт ошақтарының бірі толық сөндірілді. Екінші ошақ оқшауланып, онда "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері күзет жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына найзағай себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу