Бурабай ұлттық паркінің тұрғындары кіру ақысынан босатылады

254

Ауданның 500-ден астам тұрғыны ұлттық парк шекарасында тұрады.  

Бурабай ұлттық паркінің тұрғындары кіру ақысынан босатылады Фото: Inbusiness.kz

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен жергілікті тұрғындардың ұлттық саябаққа кіру ақысын төлейтініне қатысты жиын өтті. Іс-шараға уәкілетті органдар мен "Бурабай" МКҚК өкілдері қатысты.

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағына кіру төлемінің жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 590-бабының 3-тармағына сәйкес "ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекараларында орналасқан елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) саяжай учаскелері бар жеке тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылмайды", - деп атап өттi облыстық мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң басшысы Дулат Нұрмолдин.

Аймақ басшысы бұл мәселенің маңыздылығын атап өтіп, Бурабай ауданының әкімдігіне ұлттық паркпен және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, демалыс орны аумағында орналасқан орналастыру орындарының қызметкерлеріне кіру алгоритмін әзірлеуді тапсырды.

Атап айтсақ, бүгінде Бурабай ауданының 500-ден астам тұрғыны ұлттық парк шекарасында тұрады. Олардың барлығы Заң аясында кіру жарнасынан босатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу