"Бурабай" ұлттық саябағында көп мөлшерде балық аулаған браконьерлер ұсталды

337

43 келіге жуық заңсыз балық аулау ісі анықталды. 

"Бурабай" ұлттық саябағында көп мөлшерде балық аулаған браконьерлер ұсталды Фото: Qazaqstan 3D

"Бурабай" МҰТП инспекторлары 15 мамырда қоршаған ортаны қорғау шаралары барысында Жөкей көлінен заңсыз балық аулау фактісін анықтаған, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Полицейлермен бірлесіп, Темнобор орман шаруашылығының аумағында "Ауди" маркалы автокөлік тоқтатылды. Көліктің багажын тексеру барысында тиісті құжаты жоқ 42 келіден астам балық пен синтетикалық талшықтан жасалған ау табылды".

Балық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін Жөкей көлінен ауланған. Сонымен қатар "Бурабай" МҰТП-ның жануарлар дүниесіне келтірілген шығын көлемі 570 906 теңге болғаны айтылады.

"Облыстың төрт тұрғыны ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы "Балық ресурсын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу