Бурабайда "Кансонар" халықаралық турнирі өтеді

1242

Бурабайда "Кансонар" халықаралық турнирі өтеді

Бурабайда алғаш рет ителгі, сұңқар, бүркіт салудан "Кансонар" халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды КазТаг.

Туризм басқармасының бастығы Шынарбек Батырханов баспасөз мәслихатында 9 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырхановты еске алуға арналған "Қансонар" турнирін өткізетіндігін атап өтті.
Турнирдің басты төрешісі Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ директоры Марат Қойшин болады.
Айта кету керек, құс салып, аң аулауға арналған турнир аймақта алғаш рет өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5 елден 50-ден астам үміткер келіп, жалпы саны 500-ден 1000 адамға дейін қатысады.
Шынарбек Батырханов өз сөзінде турнирдің басты жүлдесі автокөлік болатынын айтып, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинге алғысын білдірді.
Сондай-ақ, турнирді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық спорттық қауымдастығы 2 млн теңге бөліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу