Әлеуметтік желілерде Бурабайда жер сілкінгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Онда Бурабай кентіне жақын маңда 4 ақпан сағат 14:00 шамасында 5 балдық жер сілкінісі болғаны көрсетілген.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Сағат 13.57-де Earthquak қосымшасында Ақмола облысында Бурабай ауылының маңында жер сілкінгені туралы ақпарат жарияланды. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы аталған аумақта жер сілкінгенін жоққа шығарады", - делінген ТЖМ хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу