Бурабайда балаларға арналған жаңа кешен пайда болады

708

Бурабайда балаларға арналған жаңа кешен пайда болады

Щучье-Бурабай курортты аймағында жақында "Бурабайленд" балалар ойын-сауық орталығы салынады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл нысан қазіргі "Қазақстандық Лапландия" аумағынан бой көтермек. Ондағы мақсат – аталған ойын-сауық кешенінің жыл бойы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету. Four Seasons бағдарламасымен жүзеге асатын жобаға қанша қаржы кететіні және кешеннің сыйымдылығы қандай болатыны әзірге белгісіз. Дегенмен мамандар ойын-сауық нысаны кішкентай туристердің көңілінен шығатыны сөзсіз дейді. Осылайша биылдан бастап "Қазақстандық Лапландия" атауы "Бурабайленд" деп өзгертіледі. Ал бұдан бөлек қазір Бурабайда қосымша 30 шақты туристік бағыт әзірленіп жатыр.

"Бурабайленд" атауы әйгілі "Диснейлендке" ұқсас болғандықтан, жұртшылық дәл сондай аса ірі ойын-сауық-кешені салынады екен, Азияда теңдесі жоқ екен деп айтып жүр. Бірақ бұл – жаңсақ пікір. "Бурабайлендте" балаларға қажетті барлық ойын жабдықтары болады. Барынша қызықты қылуға тырысамыз. Алайда оны "Диснейлендпен" шатастыруға болмайды", - дейді бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі Азамат Баймұқанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу