Бурабайда демалып жатқан 14 бала тамақтан уланып қалды

380

Ақмола облысы Бурабай ауданына демалуға барған 14 бала улану белгілерімен ауруханаға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бурабайда демалып жатқан 14 бала тамақтан уланып қалды Фото: freepik

22 маусымда сағат 01:00-ден таңғы 06:15-ке дейін аурухананың қабылдау бөліміне жүгінген 14 баланың барлығы 8-17 жас аралығында екен. Балалар "Тұмар Халал" қонақ үйінде тұрған.

"Балаларға жүргізілген сауалнама барысында олардың барлығы 20 маусымда келгені және 22 маусымда кететіні анықталды. Сапардың мақсаты – жеке демалыс. 21 маусым күні таңғы ас ішкеннен кейін (барлық балалар әртүрлі тамақ жеген, қуырылған ет пен картоп, борщ, сырник және т.б.) улану белгілері пайда болған, бірақ балалар кешке қарай ғана медициналық көмекке жүгіне бастаған. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екі-үш баладан біртіндеп ауруханаға түсе бастады", – деді "Авицена-Бурабай" ЖШС басшысы Евгений Бекаев.

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілген. 12 баланың асқазанын жуып, үш балаға инфузиялық терапия жасалды.

Бүкіл 14 баладан сынама алынды. Құсуға қарсы инъекция мен антиспазмодик берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу