Бурабайда "Қансонар" бүркітшілер сайысы басталды

1888

Ұлттық спорт іс-шарасы биыл аймақта осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отыр. 

Бурабайда "Қансонар" бүркітшілер сайысы басталды

Ақмола облысында "Қансонар" бүркітшілер сайысы өтіп жатыр

 

Бурабай баурайында бүгін дәстүрлі "Қансонар" бүркітшілер сайысы басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Ұлттық спорт іс-шарасы биыл аймақта осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отыр. Аталған байрақты бәсеке бірнеше жылдан бері курортты аймақта халықаралық деңгейде өткізіліп келеді. Сондықтан, оған еліміздің құсбегілерінен бөлек, шетелден де спортшылар қатысады.

Биылғы бәсекеге көрші Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінен қыран құс баптап жүрген қандастарымыз келіп отыр. Ал жалпы қатысушылардың саны 40 шақты.

Сайыс Тәуелсіздік күніне орай және ақмолалық атақты құсбегі Мәсіп Батырханұлын еске алу құрметіне орай арнайы ұйымдастырылып отыр. Ал оның Бурабай баурайында өткізілуінің өзіндік себебі бар. Ондағы мақсат – курортты өлкенің туристік әлеуетін одан әрі арттырып, келушілердің қатарын көбейту.

Жарыстың қорытындысы бойынша халықаралық турнирдің бас жүлдесін жеңіп алған қатысушы "Нива" көлігін қанжығасына байлайды. Ал жүлделі орындар ақшалай марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу