Бурабайда катамаранмен серуендеген 5 адам жағаға орала алмай қалған

171

5 адам курорттық аймақтың су айдындарында құтқарылды.

Бурабайда катамаранмен серуендеген 5 адам жағаға орала алмай қалған Фото: видеодан алынған кадр

Бурабайда елордалық қонақтар құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, катамаранмен және сапбордпен көл бетінде серуендеуге шыққан Астана тұрғындары үлкен толқындардың себебінен жағаға орала алмай қалған.

Ақмола құтқарушылары осылайша қиындыққа тап болған 5 адамды курорттық аймақтың су айдындарында тауып алып құтқарды.

"ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады!" - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу