"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2026 жылғы 20 маусым күні сағат 07:00-ден бастап Көкшетау тауына бару уақытша шектелетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Уақытша шектеу ықтимал өрт қаупінің алдын алуға және Бурабайдың бірегей экожүйесін сақтауға бағытталған.
– "Бурабай" МҰТП курорт қонақтары мен тұрғындарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, демалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды және ұлттық парктің баламалы туристік орындарына басымдық беруді сұрайды. Бурабай табиғатын сақтау – әрбір келушінің жауапкершілігін талап ететін ортақ міндет, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу