Бурабайда құтқарушылар тауда жарақат алған жасөспірімді эвакуациялады

370

Жасөспірім 250 метр биіктіктен өздігінен түсе алмаған.  

Бурабайда құтқарушылар тауда жарақат алған жасөспірімді эвакуациялады Фото: Бейнежазбадан

Ақмола облысының Бурабай ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тауда жарақат алған жасөспірімге көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2008 жылы туған жасөспірім Болектау тауында аяғын жарақаттап, шамамен 250 метр биіктіктен өздігінен түсе алмай қалған.

Жер бедерінің күрделілігіне байланысты құтқарушылар оны жаяу эвакуациялады. Зардап шегушіні зембілмен таудың етегіне түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ тауға шығатын азаматтарды дене дайындығын ескеріп, қауіпсіз бағыттарды таңдауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу