Былтыр күзде Бурабай курортының хайуанаттар бағына жараланған бірқазан мен аққу жеткізілген.
Қыс бойы сирек кездесетін құстарды ҚР президентінің іс басқармасына қарасты "Бурабай-Даму" ветеринарлары емдеген еді.
Жуырда құстар Жайнақ көлі маңында жабайы табиғатқа жіберілді. Мамандар олар үйірін табуып, қатарларына қосылады деп сенеді.
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық паркінде құстың 197 түрі болса, оны он төрті сирек кездесетін, "Қызыл кітапқа" енгізілген екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу