Бурабайда квадрациклдерді жалға беру уақытша тоқтатылды

73

Мұндай шектеу 8 шілдеде болған қайғылы оқиғадан соң енгізілді.    

Бурабайда квадрациклдерді жалға беру уақытша тоқтатылды Фото: elordamedia.kz

Жалпы, жыл басынан қурортты елді мекенде тауға шығып, жарақат алған 5 адамға көмек көрсетілген. Тағы 9 шетел азаматы эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Квадрациклдерді жалға беру – табысы бизнес көзі. Адреналин қуған туристер үшін төрт доңғалақты жол талғамайтын техника Бурабай кентінің сыртында, көліктер аз жүретін орында жалға берілген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнда шамамен 30-40 шақты квадрацикл тұрған. Ауыр көлікті  әйел адамдардың барлығы дерлік жүргізе алмайды. Сондықтан күрделі техника тәжірибесі аз әйел адамдарға берілмеуі керек.

Бурабайда жыл басынан 25 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның екеуі квадрациклмен байланысты факт. Соңғы оқиғада 22 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Бүгінде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Өздерінің жолдары бар, үлкен Чебачье бойымен. Сол жақта болған оқиға болып, бір қыз қаза тапты. Мотошлемі бәрі болды. Квадрациклі тіркеуге қойылған. Куәлігі болмаған. Негізі оған бермеген", – деп мәлімдеді Бурабай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары Нұрбек Мұхтаев.

Курортты елді мекенде туристердің қауіпсіздігі үшін 300-ге жуық бейнекамера жұмыс істеп тұр. Полиция аймақ тұрғындары мен қонақтарын квадроцикл мен басқа да моторлы көліктерді жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу