"Бурабай" ұлттық паркіндегі Абылай хан алаңында мультимедиялық интерактивті кешен ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Нысан еліміздегі ең озық технологиямен жабдықталған. Терең тарихымызға тамырлай бойлап, қазақтың өткені мен бүгінін ІТ технологияға байлап қойған орталық күніне 500-дей адамды қабылдай алады. Жылына жарты миллион жұрттың табаны тиетін тұмса табиғатқа келушілерге енді тарихымыз бен мәдениетіміздің мәйегі мәлім етілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу