Бурабайда орман өртенді

377

Жалпы қауіпті кезең басталғаннан бері Ақмола облысында 42 рет орман өрті болды.  

Бурабайда орман өртенді Фото: ҚР ТЖМ

Бурабай өңіріндегі Қаратау тауында найзағайдың түсуінен орман өрті шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызыл жалында ерте анықтау жүйесі өрттің шыққаны жөнінде дабыл беріп, бірнеше сағатта оқшаулауға мүмкіндік берді.

"Өртті сөндіруге Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Бурабай МҰТП жеке құрамының 136 адамы мен 14 техникасы жұмылды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиапас" АҚ тікұшақтары Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарын патрульдеуіне байланысты ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағын пайдалану туралы шешім қабылданды. Ол 6 рет су сеуіп шықты", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірілді.

"Жалпы қауіпті кезең басталғаннан бері Ақмола облысында 42 рет орман өрті болды. Оның ішінде 32 өрт найзағай соғуынан болды", - деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу