Осыған байланысты тамыздың 20-сына дейін курортты Бурабайдағы Көкшетау және Бөлектау тауларына шығуға уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл шешім келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман өрттерінің алдын алу мақсатында қабылданды.
"Өрт қаупі жоғары кезеңде құрғақ орман төсеніші мен өсімдіктер отқа аса сезімтал болады, ал қолайсыз ауа райы жағдайында оттың таралуы өте жылдам жүруі мүмкін", – деп мәлімдеді "Бурабай" МҰТП.
Ұлттық парк курорттық аймақтың тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау сұралады.