"Бурабайда" пикникке арналған 35 орын жабдықталды

431

Кейбір жерлерде от жағуға болмайды. 

"Бурабайда" пикникке арналған 35 орын жабдықталды Фото: Liter.kz

Бурабай курортының аумағында ас пісіретін ошағы бар алаңдары, үстелдері мен орындықтары, қауіпсіз от жағуға арналған барбекю аймағы бар 26 пикник аймағын және от жағатын орын қарастырылмаған 9 жаңа қосымша орынды жайластыру жұмысы аяқталды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Президентінің Іс басқармасына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, мұндай аймақтарды құрғандағы мақсат – әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ұлттық паркте өркениетті демалысты ұйымдастыруға жүйелі, ойластырылған түрде жақындау.

"Мәселен, Үлкен және Кіші Шабақты көлдерінің жағалауларында іс пісіруге болатын мүмкіндік беретін демалыс орындары бар. Орындықтары бар, пикник үстелдері, ыңғайлы барбекюі бар ашық, жабдықталған жерлерде туристер демалуға мүмкіндік алып отыр. Адамдар лас, қоқыс шашылып жатқан жерді одан сайын бүлдіре береді. Ал үнемі таза тұратын, қоқысты жинап жүруге шақыратын белгі бар жерде олар тазалық сақтауға тырысады", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, ормандағы өрт қауіпсіздігін Smart National Park Burabay жүйесі бақылайды. Ол ұлттық саябақтың бүкіл аумақ аумағын – 129 мың гектардан астам аумақты алып жатқан қорықты "көреді". "Ақылды" жүйенің принципі медициналық томографқа ұқсайды: камера шеңбер бойымен қозғалып, әр айналымда көптеген фотосуреттер түсіреді. Содан соң қауіпті жерлерді қызыл контурмен белгілеп, жедел басқару орталығының пультіне сигнал жібереді.

"Жаңа демалыс орындары Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты көлдерінің жағасында, сондай-ақ "Терраса парк" қонақ үйінен Ақбура курортына дейін созылып жатқан велосипед жолының бойында салынуға тиіс. От жағуға болмайтын, тек ат шалдыруға арналған жерлер Айқұлақ мүсіннен бастап Абылай хан алаңына дейінгі веложолдың бойында, Кенесары үңгіріне жақын маңда орналасады", - деп хабарлады ҚР Президентінің Іс басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу