Бурабайда суретке түспек болған әйел таудан құлап, көз жұмды

1100

Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Бурабайда суретке түспек болған әйел таудан құлап, көз жұмды Фото: visit Aqmola

Ақмола полицейлері Бурабай курорттық аймағының аумағындағы Бөлектау тауынан құлаған әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүргізуді бастады, деп жазады inbusiness.kz. 

Қайғылы жағдай 11 маусым күні болған. 

Қайтыс болған әйелдің бір күн бұрын жұбайы және кәмелетке толмаған балаларымен бірге Астанадан Бурабай ауданының аумағына келгені анықталған. 

"Бөлектау тауының шолу алаңына көтерілу кезінде әйел суретке түспек болған, алайда ол 15 метр биіктіктен құлап, тасқа соғылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полицейлер аймақ тұрғындары мен қонақтарына сақ болуды және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу