"19 шілде күні Щучинск қаласынан 15 шақырым жерде Ақмола облысының Бурабай ауданындағы "ҚР ПІБ Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ" МБ аумағында сағат 13.00-де құрғақ шөп тұтанып, Жеке батыр тауының жоғары жағында орман өрті басталған", – делінген ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккендер, қайтыс болғандар жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.
"Өрт болған жерде және облыстық ТЖД-де шұғыл штаб құрылған. ТЖД күштері мен құралдары, "ҚР ПІБ Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ" қызметкерлері мен екі техника, Ми-2 бір тікұшағы жұмылдырылған. Көкшетау қаласынан "Қазавиаспас" АҚ-ның Ми-26 тікұшағы шыққан", – деп қосты ТЖД.