Бурабайда тауға шыққан туристер төмен түсе алмай қалды

236

Туристерге медициналық көмек қажет болмады. 

Бурабайда тауға шыққан туристер төмен түсе алмай қалды Фото: ҚР ТЖМ

Бурабай курортында 3 адасқан адам тауға шығып алып, өздігінен түсе алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақмола облысының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келді. Құтқару операциясы шамамен үш сағатқа созылды. Туристерге медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу