Бурабайда заңсыз 640 келі балық аулағандар сотталды

85

Мемлекетке 9 млн теңгеден астам залал келтірген. 

Бурабайда заңсыз 640 келі балық аулағандар сотталды Фото: caliber.az

2024 жылдың қыркүйегінде үш адам Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумағында орналасқан "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіретін Жөкей көлінде заңсыз 640 келі балық аулаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірақ олардың балық аулауға рұқсат қағазы болмаған.

Сот үкімімен күдікті үш адамның әрқайсы балық аулау кәсібімен айналысу құқығынан 5 жылға айырылды. Сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңын қолданып, әрқайсына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыс жасау құралдары мен заты (қайықтар, торлар, балық) мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу