5 шілдеде сағат 03-09-да Бурабай ауданы, Бурабай ауылындағы жазғы дәмханада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына бірден Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 38 адамы мен 10 техникасы, "Бурабай" МҰТП 2 қызметкері мен 2 техникасы жөнелтілді.
Қабылданған жедел іс-шаралармен 04-13 оқшауланған өрт 05-04-те жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
"Келген уақытта жазғы дәмхананың ғимараты толығымен өртке оранғаны байқалды, бұл хабарламаның кеш түскенін көрсетеді. Лезде қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. Сөндіру кезінде төрт газ баллоны жарылып, өрттің көршілес ғимараттарға одан әрі тез таралуына ықпал етті. Жедел қабылданған шаралар өрттің тұрғын үйлерге таралуының алдын алды", - деді Щучье қ. жасағының бастығы Руслан Базарбаев.