Burabike веложарысына 2 мың адам қатысады

655

5 жыл ішінде Burabike жарысына қатысушылар мен қонақтар қайырымдылыққа 470 миллион теңге аударған.

Burabike веложарысына 2 мың адам қатысады

Бурабайда жыл сайын қайырымдылық Burabike веложарысы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Burabike – отбасы мен спорт мерекесі, яғни мақсаты Қазақстандағы балалар ауруханасына қажетті өмірлік медициналық құралдармен жабдықтау үшін қаражат жинау. 5 жыл ішінде Burabike жарысына қатысушылар мен қонақтар қайырымдылыққа 470 миллион теңге аударған. Былтыр 168 429 890 теңге жиналған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 15 есе көп (ол жылы веложарыс бірінші рет өткізілген болатын). 

Қатысушылар саны да 5 жы ішінде 8 есеге көбейе түсті: 130-дан 1023 адамға дейін. Осы жылы 2000 адам қатысады деп күтілуде. Оның 600-і 30 километр қашықтықты бағындырып, өздерінің үлесін балалардың өмірін құтқаруға арнайды. 

Веложарыстан түскен қаражаттың бәріне Меркі ауданындағы Орталық аурухана (Жамбыл облысы), Тимирязев аудандық орталық ауруханасы (СҚО), Панфилов ауылындағы перзентхана мен Алакөл аудандық орталық ауруханасы (Алматы облысы), Ағадыр кентіндегі ауылдық аурухананасына (Қарағанды облысы) қажетті өмірлік медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады.   

Жарыстан кейін қатысушылар мен қонақтарды Риксостың атынан үлкен пикник пен қазақстандық және ресейлік жұлдыздардың  концерті, қайырымдылық жәрмеңкесі, тағамдарға арналған шеберлік сыныбы мен балалар мерекесі күтіп тұр. Сонымен қатар курорт аймағында Болат Өтемұратовтың қорындағы "Асыл мирас" орталығындағы аутизм ауытқуы бар балалардың қолымен салынған шығармашылық жұмыстарға арналған қайырымдылық аукционы өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу