Бурак Өзчивит пен әйелі Фахрийе Эвджен зілзаладан зардап шеккендерге 32 мың доллар аударды

10526

Түркияның танымал жұлдыздары осынау қайғылы күндерде халықпен бірге екенін көрсетуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының Анкарадағы тілшісі.

Бурак Өзчивит пен әйелі Фахрийе Эвджен зілзаладан зардап шеккендерге 32 мың доллар аударды

Жер сілкінісі болған аймаққа қаржылай да, материалдық тұрғыда да көмек қолын созуды тоқтатқан жоқ.  

Қазақстандық көрермендерге "Өшпес махаббат", "Үзілген жапырақтар" сериалдары арқылы танымал актерлар Бурак Өзчивит пен жары Фахрийе Эвджен зілзала болған аймаққа 32 мың доллар бөлген. Бұдан бөлек ерлі-зайыптылар бір жүк көлігі толы киім-кешек пен азық-түлік жібергенін Түркиялық БАҚ жарыса жазған болатын.

Сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тікелей эфирге шығып Түрік халқын бір болуға, бұл қайғыны бірлесіп жеңуге шақырған.

Бурак пен Фахрийе 2013 жылы танысып, "Бозторғай" сериалында басты рөлде бірге ойнайды. Осыдан кейін араларында сезім оты тұтанып, 2017 жылы отбасын құрады. Жақында жұлдызды жұптың екінші ұлдары дүниеге келді. Оларды көрермендер Түркияның ең танымал әрі жарасымды жұбы деп атайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу