"Бургер Кинг" жәндіктер қосылған бургер сата бастады"

597

Telegram-да "Бургер кинг" компаниясы жәндіктер ингредиенті бар бургер әзірлейді деген ақпарат тарады.

"Бургер Кинг" жәндіктер қосылған бургер сата бастады"

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды inbusiness.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

"Шын мәнінде, жәндіктер қосылған бургері бар жарнамалық постер – бұл АҚШ-тағы оқу орны Miami Ad School-ды Графикалық дизайн және копирайтинг мамандығы бойынша бітіретін студентінің жобасы. "Burger King" желісінің ресми сайтында "мәзір" бөлімінде бургерге қосылған жәндіктер туралы ештеңе айтылмаған. Сондай-ақ құрт-құмырсқаларды жеумен ерекшеленетін Тайланд, Қытай, Жапония және Малайзия сияқты Азия елдеріндегі "Burger King" бөлімшелерінің сайттарындағы мәзірде де мұндай позициялар жоқ", – деп жазылған сайтта.

Сондай-ақ интернеттен сурет арқылы іздеген кезде, оның арнайы сайттың көмегімен шаблон бойынша жасалған жай фотошоп екені айтылған.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 12 тамызда Еуропалық комиссия өз твиттерінде пайдаланушыларға ақуыздың балама көзі ретінде жәндіктерді пайдалануды ұсынған еді. Бірақ тез тамақтанудың ірі желілері ақуызды толықтай алмастыру туралы хабарлаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу