15 аудан мен бірқатар елді мекенде әлі де жарық жоқ. Электр энергиясы Қостанай мен Рудныйдың барлық бөлігінде қалпына келтірілді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.
Осыған дейін,103 елді мекен жарықсыз қалған.
"27 желтоқсан 9:00-дегі жағдай бойынша, облыстағы тас жолдарда 24 адам құтқарылды, 35 тұрғын эвакуацияланып, 317 адам жылыту орындарына орналастырылды", - деп түсіндірді Қостанай облыстық әкімдігі.
Сондай-ақ, кеше боран салдарынан бірден 10 көлік соқтығысқан болатын.
Лисаковск қаласында шырша құласа, Тобылда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанай облысындағы ауылдың шетінен әйел мен қыз баланың денесі табылғанын жазған болатынбыз.