Бұрқасын, жел: 6 өңірде ескерту жарияланды

1177

12 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты "Қазгидромет" РМК бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Бұрқасын, жел: 6 өңірде ескерту жарияланды Фото: tolqyn.kz

Атап айтқанда, Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде күші 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында жаяу бұрқасын болжанады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

12-13 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұманды болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, өңірдің шығысы мен таулы аудандарында екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу