Бүркітші қазақ қызы туралы фильмді сынап жатыр

947

Бүркітші қазақ қызы туралы фильмді сынап жатыр

Батыстың кейбір киносыншылары Монғолиядағы бүркітші қазақ қызы Айшолпан туралы фильмнің шынымен де деректі екеніне күмән келтіруде. Бұл туралы BBC News жазды.  

Әкесінен құсбегілікті үйренген 13 жасар Айшолпан Нұрғайып Монғолияның оңтүстік батысындағы Баян Өлгей аймағында тұрады. Айшолпан туралы режиссер Отто Беллдің деректі фильміне батыс кинотанушылары "деректен гөрі әрекеті көп фильм", "ертегіден тұратын деректі фильм" деген бағалар берсе, кей сарапшылар "көшпенді қазақтардың табиғатын аша алмаған, шикі түсірілген" дейді.

Америкалық тарихшы Адриен Мамор "ер адамның үстемдік құрған соңғы 2000 жылда алғаш рет қыз бала ерлігінің осындай биікке көтеріліп дәріптелуін" жоғары бағалайды. Дегенмен, Мамор Айшолпанның құсбегілікпен айналысуын оның әулетімен байланыстырып, "12 ұрпақ бойы қыз бала сүймеген әулетте Айшолпанның ер мінезді болып өсуі таң қаларлық дүние емес" дейді.

Жалпы, Отто Беллдің фильм түсіруіне түрткі болған Израиль фотографы Ашер Свиденскийдің BBC-ге арнап түсірген суреті екен. Суретті көргеннен кейін режиссер 2014 жылы Айшолпан туралы фильм түсіруге бекініпті.

Фильм туралы сарапшылардың сын айтатын тағы бір тұсы — фильмде Айшолпан радиодан құсбегілердің жарысы болатынын естіп, оған қатысуға ата-анасынан рұқсат сұрауы. Кинотанушылар осы жерде Айшолпанның мінезі ашылмай қалғанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу