Бүркітші қыз біздің елде білім алатын болды

3432

АҚШ-тың Гарвард пен Ұлыбританияның Оксфордынан бас тартқан Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстанда оқиды.

Бүркітші қыз біздің елде білім алатын болды

АҚШ-тың Гарвард пен Ұлыбританияның Оксфордынан бас тартқан Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстанда білім алатын болды, деп хабарлайды 24.kz.

Моңғолиядан келген отандасымыз жергілікті халықаралық мектептердің бірінде 2 жыл ағылшын тілін меңгеруді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, Айшолпан әлемге саятшылық дәстүрді ұстанған ең жас қыз ретінде танымал. 13 жасында бүркітшілер сайысында жеңімпаз атанған қаршадай қыз жайында америкалық режиссер Отто Белл "Бүркітші қыз" атты деректі фильм түсіріп, "Оскар" сыйлығына ұсынылған 15 үздік фильмнің қатарына енген еді.

Айта кетері, бүркітші қыз жуырдағы аң аулау маусымында 12 түлкі мен 2 қасқырды қанжығасына байлаған екен.

"Бүркітпен айналысқан себебім, 7 атамнан бері жалғасып келеді және 2 мың жылдық тарихы бар. Үлкен ағам бар. Сол бүркіт ұстаған. Ол оқуға кетті. Бүркіті қалды. Ата-анамнан рұқсат сұрадым. Олар рұқсаттарын берді. Көптеген елді араласам да, Қазақстанды аралау менің арманым болған. Сол арманым орындалды. Өте қуаныштымын", - дейді Айшолпан Нұрғайыпқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу