Бүркітшілердің республикалық турнирі аяқталды

961

Бүркітшілердің республикалық турнирі аяқталды

Бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің республикалық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен атақты бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің республикалық турнирі аяқталды. Еліміздің бірнеше облысынан келген жиырмадан астам қыран құс бәсекесі елорда іргесіндегі Қоянды ауылында өтті.
Бүркіттердің қолға шақыру, шырғаға түсіру арқылы екі күн алғырлығын байқағаннан кейін, ақтық сында қоянға салып сынады. Үздік деп танылған оншақты бүркіттің қоянға түсуі төрешілер берген ұпаймен бағаланып, бес бүркітші жарыс жүлдесін иеленді.
Биыл үшінші мәрте өтіп жатқан Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы турнирде Жамбыл облысынан келген  жас бүркітші Серікболсын Жалғасұлы жеңімпаз атанды. 
"Қоңырдолыны өзім өсірдім. Қазір жасы екіде, екеуміз бір-бірімізге үйренісіп қалдық. Арманым ең атақты бүркітші болу",- дейді жарыс жеңімпазы Жалғасұлы Серікболсын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу