Burning man қонақтары Невада шөлінде тамақсыз қалды

397

Бұл туралы америкалық БАҚ хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Burning man қонақтары Невада шөлінде тамақсыз қалды Фото: eadaily.com

АҚШ-тың Невада штатындағы ауа-райының қолайсыздығынан Блэк Рок қаласындағы Burning Man заманауи өнер фестивалінің он мыңнан астам қатысушысы Невада штатында тамақсыз қалды.

Алдымен қала тілсіз жаумен күрессе, кейін отты желге қарсы тұруға тура келді, ал қазір шөлді жаңбыр басып, қала аумағы балшыққа батты. Нәтижесінде ондаған мың адам шөлді аймақтан шыға алмай қалды — басты тас жол жабылды, жақын маңдағы әуежай жұмысы да тоқтатылды.

Ұйымдастырушылар қатысушыларға тамақ, су мен отынды үнемдеуге шақырады — көмек қашан келетіні белгісіз. Фестивальге келушілер қаладан болып жатқан жайттармен әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр — әдеттегідей көңіл-көтеруге мүмкіндік жоқ екені айдан анық. Адамдар шөлден қашан шыға алатыны да белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу