Бұршақ аралас жауын мен аяз күтіледі

603

"Қазгидромет" РМК 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бұршақ аралас жауын мен аяз күтіледі Фото: ok-inform.ru

Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипатта болмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі синоптиктер болжамына сілтеме жасап.

"Найзағайлы жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, ҚР орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік, шығыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болады", – дейді синоптиктер.

Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 1-3 градус аяз күтіледі.

"Қызылордада, Түркістан қаласы, Ақтөбе, Ұлытау, Алматы облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады", - деп атап өтті синоптиктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу