Синоптиктердің болжамынша, 9-11 мамыр аралығында республиканың басым бөлігінде бұрынғысынша атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, құбылмалы ауа райы сақталады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
"Атмосфералық қысымның жоғарылау фоны кезең басында Қазақстанның оңтүстік, орталық облыстарында құрғақ және ашық ауа райын сақтай отырып, ауа температурасының көтерілу процесі жалғасады. Республикада жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады", делінген Қазгидромет хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу