Burunday Container Terminal: Ең үлкен қойма Алматы қаласының қарамағына өтеді

222

Мұндай құжат жобасын қаржы министрлігі жариялады.    

Burunday Container Terminal: Ең үлкен қойма Алматы қаласының қарамағына өтеді Фото: portnews.ru

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Burunday Container Terminal-дың уақытша сақтау қоймасы енді Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаментіне беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, өзгерістің басты мақсаты – кедендік рәсімдерді, логистиканы жеңілдету, сонымен бірге көлік шығынын азайту, тауар импортымен, экспортымен айналысатын компаниялар үшін уақыт пен қаржыны үнемдеу.

Жалпы аумағы 16,5 гектар жерді алып жатқан үлкен контейнер терминалы Burunday Container Terminal (BCT) Боралдай темір жол станциясына жақын орналасқан. Ал терминал 50 мың шаршы метр аумақты алып жатыр.

Қойма Алматы қаласының салық жүйесіне бағы нған уақытта, кәсіпкерлер облысқа барып әуре болмайды. Кәсіпкерлер кедендік рәсімдеулерін қаладан шықпай-ақ шеше алады. Мұндай өзгеріс әсіресе Burunday терминалын пайдаланып, тауар импорттайтын/экспорттайтын компаниялар, логистикалық фирмалар үшін өте тиімді болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу