Бурятия тұрғыны соғысқа бармас үшін өлді деген анықтама жасатқан

312

Ақша төлеп өзіне өлді деген анықтама жасатқан азамат 5 жылға сотталды.

Бурятия тұрғыны соғысқа бармас үшін өлді деген анықтама жасатқан Фото: 2-ші Шығыс әскери соты

Ресейдің Улан-Удэ гарнизондық әскери соты Украинадағы соғысқа қатыспау үшін өлім туралы жалған куәлік сатып алған әскерге шақырушыны жалпы режимдегі колонияға бес жылға соттады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ол дезертирлік жасағаны үшін кінәлі деп танылды (РФ Қылмыстық кодексінің 338-бабы).

Тергеушілердің мәліметінше, мобилизацияға алынған Зоригто Арабжаев осы жылдың наурызында демалыс алып, кейін соғысқа қайтып бармаған. Әскери полиция қызметкерлері оның үйіне келгенде ұлы әкесінің қайтыс болғаны туралы анықтаманы көрсеткен. Кейін полицейлер анықтаманың жалған екенін анықтап, мамыр айында ер адамды ұстады.

Мобилизацияға алынған ер адамның айтуынша, ол әйелінің психикалық сырқатына алаңдап анықтаманы ақша төлеп жасатқан. Арабжаев мобилизацияға алынбай тұрғанда екі ай бұрын үлкен ұлы көлік апатынан қайтыс болыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу