Бурятияда қар көшкіні кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Известияға" сілтеме жасап.

Өңірде қар көшкіні болып, салдарынан 6 адам қаза тапқан. Олардың ішінде қазақстандық бар.
Негізі аумақта жалпы 9 адам болған. Олардың үшеуі өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Алайда алтауы қар астында қалған. Қаза тапқандардың денесі табылды. Арасында өндірістік тәжірибеден өтуге келген студент те бар болып шықты.
Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі марқұмдардың толық тізімін жариялады.
Қазір қылмыстық іс қозғалды. Себебі, құрылыс және өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу