Бұрын өтініш орындайтын, қазір тапсырыс қабылдайды

794

Ағаштан түйін түйетін азамат қол ермегін бизнеске айналдырып, кәсіпкерлікке бет бұрды.  

Бұрын өтініш орындайтын, қазір тапсырыс қабылдайды

Бұған "Бастау бизнес" жобасы ықпал етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақмола облысы Қаражар ауданының тұрғыны Жанатбек Қозыбай көрші-қолаңның өтініші бойынша ара-тұра үстел, орындық жасап жүрді. Ол еңбегінің ақысын пұлдамайтын. Ақша берсе алатын, бермесе сұрамайтын. Барлығы "Бастау бизнес" жобасына қатысқаннан кейін өзгерді. Ол жасаған дүниелерінің нақты бағасын белгілеп, тапсырыс ала бастады.

"Бастау бизнес" жобасына қатысып, 583 400 теңге грант ұтып алдым. Ақшаны үстел, орындық жасайтын құрылғыға жұмсадым. Қазір осы кәсіппен отбасымды асырап отырмын. Бұған дейін үстел, орындық жасауды кәсіп қыламын деп ойлаған емеспін. Табыс көзін "Бастау бизнес" жобасына қатысқаннан кейін таптым. Қазір бір күнде 3 үстел әзірлеймін. Бұрын орындық пен үстелді ауыл тұрғындарының өтініші бойынша ғана әзірлейтінмін, қазір Нұр-Сұлтан қаласының төңірегіндегі ауыл тұрғындарының тапсырысын орындап жүрмін", – деді Жанатбек Қозыбай.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу