Шығыс Анатолияда жаңа жыл ауа райының күрт суытуымен басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты azertag.az басылымына сілтеме жасап.
4 қаңтарға қараған түні Эрзурум провинциясының Текман ауданында термометр рекордтық –33,1℃-қа дейін төмендеген.
Түркияның метеорологиялық бас басқармасы Эрзурумдағы Гаджиомер ауылын "елдегі соңғы 24 сағаттағы ең суық нүкте" деп жариялады.
Тұрғындарға аса қажет болмаса көшеге шықпауға кеңес берілді.
Ардахан провинциясының Геле ауданында –28,8℃ аяз, Эрзинджанның Чайырлы ауданында –27,8℃, Ванның Чалдыран ауданында –26,6℃, Сарыкамышта (Карс) –22,1℃ болды.
Метеорологиялық орталықтың хабарлауынша, Түркияның шығысындағы қатты аяз 8 қаңтарға дейін жалғасады.