Бұрын таратылған комитет қайта құрылды

887

Қазақстанда балық шаруашылығымен айналысатын комитет құрылды. Бұл жақында қабылданған осы саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұрын таратылған комитет қайта құрылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын елімізде Ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында Балық шаруашылығы комитеті болған, бірақ 2014 жылы таратылған. Содан бері балық ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және көбейту саласындағы мемлекеттік саясатты Экология министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті жүргізіп келген. Енді қайтадан құрылған балық шаруашылығы комитеті балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға, балық өсіру, тұтыну және экспорт көлемін жоспарға сай арттыруға септігін тигізбек.

"Мемлекеттік бағдарламада көрсетілгендей су ресурстарындағы балық өсіру көлемін 600 мың тоннаға жеткізуге болады. Балық экспортын 300 мың тоннаға дейін арттыру жоспары да бар. Ол үшін 545 жаңа балық шаруашылығы құрылып, 323 шаруашылық толық жобалық қуатына шығады", – дейді министрлік мамандары.

Қазіргі уақытта жаңа комитеттің алдында саланы мемлекеттік қолдау аясын кеңейту, заңнаманы жетілдіру, балық жемі өндірісін жолға қою, кадрлық қамтамасыз ету жұмыстарын атқару міндеті тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу