Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа түсті

181

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа түсті Фото: Үкімет

Экс-шенеунікке қатысты іс бойынша тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Агенттік бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев және басқа тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Биыл 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бұрынғы министр Марат Бекетаев 1,5 жылдай қамауда отырды. 

Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу