Бұрынғы әйелін пышақтап өлтіріп, 1,5 жыл жаза арқалаған ер адамның ісі қайта қаралады

908

Алматыда сот үкімінің күші жойылды.

Бұрынғы әйелін пышақтап өлтіріп, 1,5 жыл жаза арқалаған ер адамның ісі қайта қаралады Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда апелляциялық сот заңгер әйел Айман Асанованың өліміне қатысты істі қайта қарауға жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жойды. Сотталушы Нұртаевтің әрекеті қасақана кісі өлтіру (ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі) бабынан аса жоғары психикалық толқу жағдайында адам өлтіру (ҚК-нің 101-бабы) бабына ауыстырылған еді.

"Апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық және іс жүргізу заңнамасының нормаларының сақталуын тексеріп жатыр және осы негізде алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексеруде. Процессуалдық нормалардың бұзылуы істі сот қарауына қайта жолдай отырып, үкімнің күшін жоюға негіз болды", - делінген Алматы қалалық сотының мәліметінде.

Сондай-ақ бүгін қорғаушы Жохар Өтебеков апелляциялық сотта жеңіске жеткенін мәлімдеді.

"Алматы қалалық соты Айман Асанованы өлтірген адамға қатысты жеңіл жазаның күшін жойды. Сот менің арызыммен толықтай келісті. Біздің фирма жұмысты жоғары деңгейде атқарды. Нұртаев тергеу изоляторында қалады. Жақында ол бостандыққа шығуы керек еді (жаза мерзімі аяқталды). Аудандық сот істі қайта қарайды. Судья да басқа, Майшинов емес. Қолдауларыңызға көп рахмет", – деп жазды адвокат.

42 жастағы әйелге шабуыл 2022 жылдың 8 қазанында сағат 23:00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болған. Көптеген пышақ жарақатымен әйел жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Алайда ол 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болды. 

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аталған іске Нұртаевті кінәлі деп тауып, оны 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу