Бұрынғы әскери зауыт 70 млн теңгеге сатылды

794

Бұрынғы әскери зауыт 70 млн теңгеге сатылды

"Қазақстан инжиниринг" жекешелендірудің екінші толқыны аясында "КИ 832-автожөндеу зауытын" сатып жіберді деп хабарлайды LS.

Электронды сауда алаңында жарияланған ақпаратқа сәйкес, зауыттың 100%-дық үлесі саудаға қойылған. "Бағалау және сараптама" компаниясының мәліметіне сүйенсек, 2016 жылдың 1 сәуірінде зауыттың болжалды құны 329,6 млн теңгені құрады.

Сауда-саттық бағаны төмендету әдісімен өткізілді. Сатылымның бастапқы құны шамамен 330 млн теңгені құраған, алайда кейін 70,8 млн теңгеге дейін төмендетілген.

Анықтама: Қайта құрылған Орта Азия әскери округінің автожөндеу базасын дамыту мақсатында 1970 жылы автокөлік министрлігіне тиесілі аумақта "651-автокөлік жөндеу шеберханасы" құрылған болатын. Дәл осы жылдан бастап ЗИЛ-157 және ГАЗ-69 қозғалтқыштарын күрделі жөндеу қолға алына бастады.

Мекеме 1989 жылдың 1 желтоқсанынан бастап шаруашылық есепке көшіріліп, атауы "УАЗ көліктері мен агрегаттарын және ГАЗ-24 жеңіл автокөліктерін жөндейтін 832-әскери зауыт" деп ауыстырылған болатын.

2003 жылы зауыт акционерлік қоғам ретінде қайта құрылып, "Қазақстан Инжиринг" компаниясы құрамына қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу