Алайда ол екі жылдан кейін жүзеге аспақ деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, Халық соты сотталушының барлық жеке мүлкін тәркілеуге және сотталушының барлық саяси құқықтарынан айыруға шешім қабылдаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеріске сәйкес, Лянге пара түрінде 17 миллион доллар алған.
Қытай банкінің экс-басшысы 2023 жылдың қазан айында қамауға алынды. Оған пара алды және заңсыз несие берді деген айып тағылған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген тексеру нәтижесінде, Лянгенің 3,3 миллиард юань несие беруге заңсыз үлес қосқаны анықталған.
Осы жылдың басынан бері Қытайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан аясында құқық қорғау органдары 589 мың адамды жауапқа тартты, деп хабарлаған болатын бұған дейін Қытай Компартиясы.
Мысалы, қыркүйекте бұрынғы Гуйчжоу провинциясының Цяньшань префектурасының губернаторы Чжон Янг 13 жылға бас бостандығынан айырып, 141 мың доллар айыппұл салу жазасы қолданылған. Әйел басшы қарамағындағы 58 қызметкермен жақын қарым-қатынас орнатып, олардан 8,5 миллион доллар көлемінде пара алған.