Бұрынғы Бас көлік прокуроры Германиядан Қазақстанға экстрадицияланады

86

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді. 

Бұрынғы Бас көлік прокуроры Германиядан Қазақстанға экстрадицияланады Фото: qamqor.gov.kz

Қазақстанның бұрынғы Бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германиядан Қазақстанға экстрадицияланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экс-шенеунікке 29 тамызда іздеу жарияланған болатын. Қыркүйекте оны Интерпол желісі арқылы халықаралық ынтымақтастық аясында Германия құқық қорғау органдары ұсталғаны белгілі болды.

Кейбір БАҚ-та Дүйсенов саяси баспана сұрауы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда Бас прокурордың орынбасары бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды, қазір экстрадициялық қамауда отыр. БАҚ-та жазылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Экстрадиция процесі басталды. Германия тарапынан бас тарту туралы ақпарат түскен жоқ. Яғни біз оны экстрадициялау бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – деді Қойгелдиев Сенатта брифингте.

Мақсат Дүйсенов 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Қазақстанның бас көлік прокуроры қызметін атқарды. Бұған дейін ол Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі, сондай-ақ ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының сектор меңгерушісі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ орталықтандырылған қауіпсіздік қызметінің басшысы және басқа да лауазымды қызметтерді атқарды.

2012 жылдың ақпанында ол Алматы қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің басшысы қызметінен қызметкерінен пара алғаны үшін босатылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу