Бұрынғы бас консулға қатысты істе Ресейдің әрекетін түсінбедік - А. Смадияров

1880

Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бұрынғы Бас консулы Мейрам Қанапия орыстарға қатысты айтқан мәлімдемелеріне байланысты Ресейдің Тергеу комитетінің назарына ілікті. 

Бұрынғы бас консулға қатысты істе Ресейдің әрекетін түсінбедік - А. Смадияров Фото: baigenews.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстанның экс-Бас консулының мәлімдемелері бойынша Ресейде басталған тексеру туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ресейдің Тергеу комитеті бізге белгісіз себептермен бұрынғы Бас консулдың мәлімдемелерін тексеру бойынша жұмысты бастады, бұл адам бізде ұзақ қызмет еткен жоқ, яғни қазір оның Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан Тергеу комитетінің (Ресей) баспасөз қызметі бұрынғы Бас Консул емес, Қазақстан азаматына қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы ақпарат беруге не кедергі болғанын түсінбеймін. Шу шығарғысы келген шығар, олар өз дегеніне жетіп отыр", - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

РФ Тергеу комитеті оның Ресейде болғанын хабарлады, бізде оның нақты қайда жүргені туралы ақпарат жоқ, деді СІМ өкілі.

"Кейбір деректерге сүйенсек, ол қазір Қазақстан аумағында емес, Швецияның бір жерінде болуы мүмкін, өйткені ол саяси баспана сұраған. Қазақстанда оған қылмыстық іс ашылғанын, оны іздестіріп жатқанын еске саламын. Сондықтан, егер Ресей тарапы шын мәнінде оны тексергісі келсе, ол сол жерде жүргенде оны ұстап, барлық сұрақтарына жауап алар еді. Артық шудың не қажеті бар еді?" - деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу