Бұрынғы денсаулық сақтау министрі қайтыс болды

479

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі қайтыс болды Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, КСРО денсаулық сақтау үздігі, медицина қызметкерлерінің көптеген ұрпақтарының тәлімгері Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов қайтыс болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талапқали Әбішұлы кәсіби қызметін хирург дәрігерден бастады, содан кейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімдері меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1987-1990 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Медициналық қоғамдастықтың, көптеген студенттердің, әріптестердің есінде ол жарқын ерекше тұлға, өз ісінің үлкен энтузиасты болып қала береді, ол ұлтты сауықтыру бойынша бірқатар ірі бастамалардың авторы болды.

Денсаулық сақтау министрлігі әйгілі дәрігердің барлық жақындары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Талапқали Әбішұлының баға жетпес еңбектері, ауқымды идеялары қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарының денсаулығы үшін қызмет ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу