Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі ҚазҰМУ ректоры болып тағайындалды

681

Марат Шоранов Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі ҚазҰМУ ректоры болып тағайындалды

"ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ басқарманың жаңа төрағасы тағайындалды. ҚазҰМУ-ды Шоранов Марат Едігеұлы басқарды. Бұйрық 2022 жылғы 13 маусымда жарияланды", – делінген хабарламада.  

Марат Шоранов 1975 жылы Алматыда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Жарбусынов атындағы урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.

2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2017-2019 жылдары – басшының міндетін атқарушы, басшысы болды

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2020 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу